«Қазақстан Барысы» турниріне жолдама беретін іріктеу кезеңі өтті

Астанада «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама беретін іріктеу кезеңі өтті.

«Астана Барысы» қалалық іріктеу турниріне жүзден астам балуан қатысты. Шаршы алаңда шеберлік танытқан спортшылар әр салмақ бойынша белдесті. Республикалық кезеңге өткен үздік екі балуан елорда намысын қорғайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

«Бүгін «Қазақстан барысы» турниріне іріктеу жүріп жатыр. Жүзге тарта балуан күресуде. 55 келі салмақтан бастап, жүзден жоғары салмақтағы балуандар бақ сынасуда. Әр салмақ бойынша жеңіске жеткен балаларға бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Ал нағыз жеңімпаздар қола, күміс, алтын белбеуді иеленеді», – деді Қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы Астана қаласының аға жаттықтырушы Мәрлен Ақтаев.

«Астана Барысы» қалалық іріктеу турнирінің жыл сайын болатынын ескерсек, бозкілемнің шаңын қаққан балуандар айқасы ұлттық спортты дамытуға бағытталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.