Президент бүгін «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатына қатысады

Сайыс Астанада 29 шілде-9 тамыз аралығында өтеді.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Астанада 29 шілде-9 тамыз аралығында өтетін сайыста 34 елден 800 спортшы бақ сынайды.
Іс-шараның ашылу салтанатына Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.