Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Жартылай финалда Қазақстан Мысырмен, ал келесі жұпта Украина мен Израиль кім мықтыны анықтайды. Қазақстан ерлер командасы былтыр Грузия астанасында өткен әлем чемпионатында тарихи қола жүлдеге қол жеткізген.

​Гонконг қаласында өтіп жатқан семсерлесуден ересектер арасындағы әлем чемпионатында ерлер арасындағы командалық турнир жалғасып жатыр,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимовтан құралған Қазақстан ерлер құрамасы ширек финалда Дания командасымен кездесті.
​Нәтижесінде, отандастарымыз 45:36 есебімен сенімді жеңіске жетіп, бәсекенің жартылай финалына жолдама алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.