«Байтақ» партиясының өкілдері теміржолшылармен кездесті

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының Екібастұз өңірлік филиалының төрағасы Нұрсұлтан Ақжігітов қаладағы теміржол торабы кәсіпорындарының басшыларымен жолықты.

Кездесу барысында өндірістегі экологиялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, кәсіпорындардың экологиялық жауапкершілігін күшейту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсарту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар талқыланды.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар өңірдегі өзекті мәселелер жөнінде ой бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді. Партия өкілдері көтерілген мәселелер назарға алынатынын айтты. Ал азаматтар мен еңбек ұжымдарымен ашық диалогты алдағы уақытта да жалғасады деді.