Президент «Болашақ ойындары – 2026» сайысын ашық деп жариялады

Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

Мемлекет басшысы «Болашақ ойындары – 2026» сайысының ашылу салтанатында сөз сөйледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Президент:

«Сөз соңында осы тамаша спорт мерекесін өткізуге атсалысқан барша азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін. Ұйымдастырушыларға, серіктестерге, төрешілер мен бапкерлерге, тиісті мамандарға және еріктілерге алғыс айтамын.

Бұл ойындар халықтарымыздың тамыры терең достығын бекемдейді, береке-бірлігін арттыра түседі деп сенемін.

Спортшыларға сәттілік тілеймін!

Біз сіздерден тартысты ойын күтеміз.

Ендеше, «Болашақ ойындары – 2026» сайысын ашық деп жариялаймын!»,-дейді.