«Екі адамның тағдыры бірдей болмайды»: Жұлдыз Әбдікәрімова жазбасымен оқырманды ойландырып қойды

Желі қолданушылары актрисаға қолдау білдірді.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде мотивациялық жазба жариялап, оқырманға ой салды, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі адам өз болмысын қабылдап, өзі таңдаған жолды сүю маңызды екенін айтты.

"Шексіз аспанның астында миллиардтаған адам өмір сүреді. Бірақ екі адамның тағдыры бірдей болмайды. Әркімнің өз жолы, өз уақыты, өз тағдыры бар. Табиғат ешқашан бір ағашты екіншісіне ұқсатпайды. Жаратушы да адамды қайталамайды. Сондықтан өз жолыңды сүй. Өз уақытыңа сен. Өйткені сен де – Жаратушының ерекше ықыласпен жаратқан сүйікті пенделерінің бірісің. Бірегей болу – артық болу емес. Бірегей болу – өзің болып қалу", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары актрисаға қолдау білдірді.

«Жылап отыр едім, көңілім одан сайын босап кетті. Өмір-ай», «Керемет айтылған сөздер. Нағыз маған керек болып тұрған еді», «Ерекшесіз», деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.