«Сен бізге көп нәрсе үйреттің...»: актриса Жанаргүл Жаныаманова өмірден өткен ұлына арнап жазба жариялады

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ұлымен бірге түскен суреттерін жариялап, сағынышын жеткізген.

Актриса Жанаргүл Жаныаманова өмірден өткен тұңғыш ұлы туралы жантебірентер жазба жариялады , – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ұлымен бірге түскен суреттерін жариялап, сағынышын жеткізген. 

«Мәңгілік махаббатымыз! Мәңгілік сағынышымыз! 12 жыл өте мейірімді, ақылды, сұлу, талантты, дана тұлғаның ата-анасы болғанымызға Аллаға рақмет. Сен бізге ұстаз болдың, ұстаз болып қаласың, көп нәрсені үйреттің, әлі де үйретесің… Сен бізге мейірімділіктің, шыдамдылықтың, нағыз мұсылмандылықтың үлгісін көрсеттің… Емдеу барысына қатысты көкейімде жауапсыз қалған сұрақтар бар, бірақ “Құдайсыз қурай да сынбайды”. Демек, бұл сынақта Жаратушының бір хикметі бар. Баламыз өмір сүруін тоқтатқан жоқ, мәңгілік өмірге бізден бұрын оралды. Біздің қарым-қатынасымыз үзілген жоқ, ата-ана ретіндегі міндетіміз де аяқталған жоқ. Ол қазір үйде, керісінше біз қонақтамыз…», - деп жазды актриса.

Айта кетейік, жақында актер Рүстем Жаныаманов пен жұбайы, актриса Жанаргүл Жаныаманова тұнғыш ұлдарынан айырылды.

Бұған дейін ұлының денсаулығына қатты алаңдайтынын айтқан еді. Ерлі-зайыптылар 5-6 жыл бойы ұлының дертіне шипа іздегенін, баласының жазылуы басты арманы екенін айтқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.