Ақтауда полицейлер 10-қабаттан құлап кете жаздаған баланы құтқарып қалды

Бүлдіршін дін аман құтқарылды.

Ақтауда полицейлер тұрғын үй кешендерінің бірінде 10-қабаттағы ашық терезенің сыртқы жақтауына шығып кеткен баланы аман алып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Бүлдіршін дін аман құтқарылды.

Осы оқиғадан кейін полиция ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды. Әсіресе, терезелері ашық бөлмелерде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнату және олардың жанына бала өрмелейтін жиһаз қоймау қажеттігін ескертті.