Айша Әбдімәлік әйелдер күресінен U17 әлем чемпионатында күміс медаль алды

U17 әлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне ие болды.

Қазақстан әйелдер құрамасы Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айша Әбдімәлік ел қоржынына күміс медальді салды.

Отандасымыз 65 келіге дейінгі салмақтың финалында моңғолиялық Ариунзул Болдбаатардан жеңіліп қалды.

ҚР ҰОК мәліметінше, сондай-ақ Аянат Мейнамбай 49 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдескен еді. Дегенмен АҚШ өкілі Исла Сильваға жол берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.