Консультативтік кездесудің қорытындысы бойынша Шолпан-Ата декларациясы қабылданды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Жиында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша Шолпан-Ата декларациясы қабылданды.