Мемлекет басшысы Жапония премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорда жазды.

Президент Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты премьер-министр Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келуіне, жарақат алған адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.