«Ауыл» партиясы орман мен табиғатты қорғау мәселелерін көтерді

Кездесуге «Ауыл» партиясынан ҚР Кұрылтай депутаттығына кандидаттар Серік Егізбаев, Қажғалей Мұқатов және Алшын Жолдығали қатысып, сала мамандарымен ашық пікір алмасты.

«Ауыл» партиясы бүгін Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданына барып, жұртшылықпен кездесіп, орман мен табиғатты қорғау мәселелерін көтерді, - хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ауыл» партиясының баспасөзіне сілтеме жасап.

«Ауыл» партиясы осы мәселемен Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен кездесті. «Ауыл» партиясы Жайық өзенінің жағалауындағы орман алқабын сақтау ждолын қозғады.

«Ауыл» партиясының өкілдері кездесу барысында орман қорын сақтау, жануарлар дүниесін қорғау, табиғатты ұтымды пайдалану, экологиялық қауіпсіздік, инспекторлардың еңбек жағдайы және саланы дамытуға қатысты өзекті мәселелерін талқыланды.

«Ауыл» партиясының өкілдерін қызметкерлер өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге қатысты ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар «Ауыл» партиясынның мүшесі, ҚР Құрылтай депутаттығына кандидат Қажғалей Мұқатов осы сапары аясында республикалық маңызы бар Атырау–Орал автожолының Тайпақ ауылы тұсындағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

ҚР Құрылтай депутаттығына кандидат жол құрылысында еңбек етіп жүрген жұмысшылармен кездесіп, олармен сөйлесіп, алда келе жатқан сайлау жайлы сұрастырды.

Әңгіме барысында кандидат "Ауыл" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырды. Бағдарламада қамтылған өңірлік инфрақұрылымды дамыту, сапалы автомобиль жолдарын салу мен жөндеу, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, еңбек адамдарының құқықтары мен әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы бастамалар кеңінен айтылды.