Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатысатын құрамы белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әлемдік деңгейдегі ірі турнирде ел намысын Елена Рыбакина (WTA рейтингінде №2), Анна Данилина (жұптық сында әлемнің №6 ракеткасы), Юлия Путинцева (WTA рейтингінде №81), Жібек Құламбаева (жұптық сында WTA рейтингінде №115) және Соня Жиенбаева (WTA рейтингінде №735) қорғайды.
Қазақстан құрамасы турнирді Испанияға қарсы матчтан бастайды. Ширек финалдық кездесу 23 қыркүйекте өтеді. Әрбір матч екі жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.
Теннис федерациясы турнирдің толық кестесін жариялады.
22 қыркүйек
Ширек финал 1: Чехия – Ұлыбритания
23 қыркүйек
Ширек финал 2: Қазақстан – Испания
24 қыркүйек
Ширек финал 3: Украина – Бельгия
Ширек финал 4: Қытай – Италия
25 қыркүйек
1-жартылай финал: бірінші ширек финалдың жеңімпазы – екінші ширек финалдың жеңімпазы
26 қыркүйек
2-жартылай финал: үшінші ширек финалдың жеңімпазы – төртінші ширек финалдың жеңімпазы
27 қыркүйек
Финал
Айта кетейік, турнир Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.