Дастан Сәтпаев «Тоттенхэмге» қарсы матчта 20 минут ойнады

Дастан Сәтпаев «Тоттенхэмге» қарсы матчта 20 минут ойнады

 

«Челси» жолдастық кездесуде «Тоттенхэмге» 1:2 есебімен есе жіберді. Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев 70-минутта алаңға шығып, матч соңына дейін ойнады.

Сәтпаев 20 минут ішінде допқа 15 рет тиіп, 11 пастың тоғызын дәл жеткізді. Пастарының дәлдігі 82 пайызды құрады. Сондай-ақ бір доп тартып алуды сәтті орындап, екі жекпе-жектің бірінде жеңіске жетті және бір рет ереже бұзды.

Ойын қорытындысы бойынша Дастан Сәтпаевқа 6,3 ұпай берілді. «Челси» жалғыз голын 21-минутта соқса, «Тоттенхэм» жеңіс добын матчтың қосымша уақытында енгізді.