Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту: аптап ыстық, найзағай және өрт қаупі күшейді

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 2 тамызға дауылды ескерту жарияланды.

Синоптиктердің болжамынша, Алматы, Ақмола, Абай, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ пен қатты жел күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде шаңды дауыл болуы мүмкін.

Сонымен қатар Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ұлытау, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 35–42 градусқа дейін аптап ыстық сақталады. Ең жоғары температура Түркістан облысында болжанып отыр.

Аталған өңірлердің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі жарияланған. Ал Астанада өткінші жаңбыр, найзағай және күндіз бұршақ күтіледі.