ЖСДП ашық форматта кездесу өткізді

ЖСДП халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Қарағанды қаласында ЖСДП Төрағасы Асхат Рахимжанов пен ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттар қала тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ЖСДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесудің негізгі тақырыбы – лайықты еңбек пен заманауи қалалық ортаны қалыптастыру болды.

ЖСДП ұйымдастырған басқосу ашық форматта өтіп, оған сала қызметкерлері мен Қарағанды тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында қалалық инфрақұрылымды дамыту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.