Қазақстан құрамасы Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті

2026 жылғы 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Румынияның Бухарест қаласында Лингвистикадан халықаралық олимпиада (IOL) өтті.

Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Қола медаль иегері:

Шыңғыс Карасаев – Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.

Құрмет грамотасының иегерлері:

Рамазан Бутантаев – Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Мамандандырылған IT лицейінің 11-сынып оқушысы;
Аслан Ажибаев – Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
Кирилл Тургумбаев – Қостанай облысы Жітіқара ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.

Осылайша, Қазақстан құрамасының аталған олимпиадаға қатысу тарихында алғаш рет команда мүшелерінің барлығы марапатқа ие болды.

Құрамаға Ягеллон университетінің студенті Оспанова Дана Еркінқызы жетекшілік етті.

Олимпиадалық лингвистика – елімізде дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Бұл нәтиже қазақстандық оқушылардың аталған саладағы жоғары әлеуетін көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.