Алакөл көлінде ТЖМ қызметкерлері шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуына бақылауды күшейтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ-ның Telegram арнасына сілтеме жасап.
ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы, азаматтық қорғау полковнигі Серік Жүнісбековтің басшылығымен шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Жетісу облысы ТЖД лауазымды тұлғаларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын практикалық көмек көрсетілді.
Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша, облыстардың Алакөл көліндегі 22 кеме иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 229 225 теңгеге жетті. Алкогольдік ішімдікке қызып алған гидроциклдің кеме жүргізушісі куәландырудан өту үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне берілген.