Қазақстан Халық партиясының өкілдері Алматы облысында диқандармен кездесті

Алматы облысында, қарбыз алқаптарының дәл ортасында, Қазақстан Халық партиясынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың ауыл шаруашылығы еңбеккерлерімен көшпелі кездесуі өтті. Іс-шара 150-ге жуық адам қатысты.

Кездесуге Қазақстан Халық партиясынан кандидаттар: Эльмира Әуезова, Ғалымжан Әбдрайымов, Нұрдәулет Оразханов және Еркебұлан Дудабаев қатысты.

Кездесу форматы дәстүрлі жиындардан түбегейлі ерекшеленді – ресми залдар мен «шаң басқан кабинеттер» болған жоқ. Диалог далада, күн сайын еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономиканың тұрақтылығына үлес қосып жүрген адамдардың жанында өтті.

Ауа райының күрделі жағдайына қарамастан, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері жұмыстарын жалғастырып жатыр. Осылайша олар нақты нәтижені есепте емес, егіс басында, алқапта қалыптастыруда. Қазақстан Халық партиясы өкілдерінің пікірінше, мемлекеттік саясат дәл осы жерде құрылуы тиіс.

Кездесу барысында еңбек жағдайы, табыс деңгейі, мемлекеттік қолдауға қолжетімділік, өнім өткізудегі қиындықтар және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру қажеттілігі туралы маңызды мәселелер көтерілді. 

Кездесуде Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасындағы еңбек адамының құқығын қорғауға тікелей қатысты сұрақтарға ерекше назар аударылды. Партия адал еңбек адамның лайықты өмір сүруін, қауіпсіздігін және болашаққа деген сенімін қамтамасыз етуі керек деген ұстанымда. Басым бағыттардың қатарында – ең төменгі жалақыны нақты күнкөріс деңгейіне сәйкестендіру, инфляцияны ескере отырып еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау, көлеңкелі жұмыспен қамтуға қарсы күрес, сондай-ақ еңбек инспекциялары мен тәуелсіз кәсіподақтардың рөлін күшейту мәселелері бар.

Сонымен қатар Қазақстан Халық партиясының бағдарламасы лайықты еңбекақы төленетін тұрақты жұмыс орындарын құруды, ауылдық кооперацияны дамытуды және аграрлық секторды қолдауды көздейді. Бұл ауыл тұрғындарының сұранысына тікелей жауап береді. Экономика өзгеріп жатқан жағдайда аса маңызды бағыттардың бірі ретінде қайта даярлау, сұранысқа ие мамандықтарды игеру және екінші мансапты бастауға мүмкіндік беруге ерекше назар аударылған. 

 «Қазір еңбек адамы туралы кабинетте отырып айту емес, оны жұмыс істейтін жерінде тыңдау маңызды. Біреулер тек мәлімдемелермен шектеліп жатқанда, даладағы адамдар күн сайын елдің нақты экономикасын қалыптастыруда.  Біздің міндетіміз – оларға лайықты еңбекақы мен ертеңгі күнге деген сенімді қамтамасыз ету», – деп атап өтті кездесу қатысушылары.

Қазақстан Халық партиясы азаматтардың табысын арттыру және лайықты жұмыс орындарын құру мемлекеттік саясаттың басты басымдығы болып табылатын, адамға бағытталған экономиканы қолдайды.

Партия азаматтармен тікелей диалог орнатуды және нақты құндылық қалыптасатын жерде – еңбек адамының жанында жұмыс істеуді жалғастырады.