Қазақстан Халық партиясы өз қызметі барысында мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істейтін қоғамдық бірлестіктерге үнемі қолдау көрсетіп келеді. Баршаға қолжетімді және кедергісіз орта қалыптастыру – партияның сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттардың бірі.
Қазақстан Халық партиясының фракциясы Мәжілісте мүгедектігі бар адамдарды тиісті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесіне арналған парламенттік тыңдаудың өтуіне бастамашы болды. Сондай-ақ Қазақстан Халық партиясы елордадағы көзі көрмейтін және көру қабілеті нашар балаларға арналған орталықтың сақталып қалуына қолдау көрсетті. Бұған қоса партия ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылардың құқығын қорғаумен айналысатын «Ерекше балалардың ата-аналар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Кездесу барысында сөз сөйлеген Қазақстан Халық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов партия қатарында көп жылдан бері көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар Кенжеғұл Сейтжанның еңбек етіп келе жатқанын атап өтті. Ол VIII сайланған Мәжіліс депутаты болды, ал 2024 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқығы жөніндегі уәкіл етіп тағайындады.
– Кенжеғұл Сейтжан – Құрылтай депутаттығына кандидат, – деп еске салды Н. Шоқанов. – Ерекше қажеттілігі бар адамдардың мүддесін билікте жеке өмірлік тәжірибесі мен нақты еңбегі бар адамның қорғауының маңызы зор.
Халық партиясының өкілдері шынайы қамқорлық – баннердегі ұран емес екенін атап өтті. Бұл – мектепке балаға көмектесу үшін келетін тьютор. Бұл – іс жүзінде салынған пандус. Бұл – мүгедектігі бар және Парламентте мүгедектігі бар адамдардың мүддесін қорғайтын жан.
Бүгінде Қазақстанның 700 мыңнан астам азаматының мүгедектігі бар. Оның ішінде 300 мыңы – еңбек етуге қабілетті. Олар білім алып, жұмыс істегілері, өздерін қамтамасыз еткілері және қоғамда өз мүмкіндіктерін жүзеге асырғылары келеді.
– Халық партиясы бұл адамдардың қорғалғанын, оларға қолжетімді орта қалыптастырылғанын және осы санаттағы азаматтардың өмір сапасын жақсарту мүмкіндігіне ие болғанын қолдайды, – деп атап өтті партия өкілдері.