ЖСДП «Еңбек. Әділдік. Ынтымақ» қағидаттарын таныстырды

Ашық диалог барысында ЖСДП-ның кандидаттары еңбек құқықтарын қорғау, кәсіподақтардың рөлін күшейту және әрбір азамат үшін лайықты еңбек жағдайын қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Бүгін Өскемен қаласында ЖСДП кәсіподақ ұйымдарының өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz ЖСДП-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқосуға ЖСДП-ның төрағасы, ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидат Асхат Рахимжанов, сондай-ақ ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттар Ажар Сағандықова, Максим Андрюшин және Виктор Калгиндер қатысты.

Кездесудің басты тақырыбы – «Еңбек. Әділдік. Ынтымақ». Бұл – заманауи әлеуметтік саясаттың негізін құрайтын және ЖСДП бағдарламасының басты қағидаттарының бірі таныстырды.