Әнші Ерке Есмахан желідегі парақшасында отбасындағы ер-азаматтың жауапкершілігі туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол отбасында және өнерде жанынан табылып, қолдау білдіріп жүрген жолдасына алғыс білдірді. Сонымен қатар әрбір қыз балаға жауапкершілігі жоғары жар тілейтінін жеткізді.
"Ел біледі… Менің өнерде де, өмірде де арқасүйерім, қолдаушым, демеушім, мені “әлемнің ең кереметіне теңеушім” Райм екенін. Райм, барлығы үшін рақмет. Сүйем сені! Тек менде күйеу бардай, “күйеуім күйеуім” деп айта беретінім де осы. Қыздар, сіздерге де дәл осы видеодағыдай қанатыңды қақтырып, биікке ұшыратын жар тілеймін. Еркек болу жасқа қарамайды! Ер адамның ата-анасының жағдайын жасап, сыйлап, жақындарына көмек беріп, әйелі, балаларына қамқор болып, қоғамда өз орынын табу тек санасына байланысты деп білемін. Ер-азаматтар аман болсын!", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншінің отбасына бақыт тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.