Зияткерлік турнир өтті

«Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Астана – есірткісіз қала» профилактикалық науқаны аясында елорданың Алматы ауданындағы Теміржолшылар тұрғын алабында шахматтан, дойбы мен тоғызқұмалақтан спорттық-зияткерлік турнир ұйымдастырылды.

Турнирге ауданның балалары, жастары және ересек тұрғындары қатысып, зияткерлік ойындардағы шеберлігін сынға салды.

Іс-шараның мақсаты – саламатты өмір салтын насихаттау, тұрғындардың зияткерлік әлеуетін дамыту және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Аудан әкімдігінің мәлі­ме­­тін­ше, мұндай жарыстар тұрғындардың заңға бағыну мә­де­ниетін қалыптастыруға, есірткі тұтынудың алдын алуға және сала­матты өмір салтын ұстануға ынталандыруға ықпал етеді.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ