Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір әйел қайтыс болды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті. «Өкінішке қарай бүгін коронавируспен науқас бір әйел қайтыс болды. Бұл орны толмас ауыр қаза. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз», - деді Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасында онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.