Жүлдемен оралды

2026 жылғы 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Румынияның Бухарест қаласында Лингвис­тикадан халықаралық олимпиада (IOL) өтті. 

Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын иеленді. Осылайша, Қазақстан құрамасының аталған олимпиадаға қатысу та­рихында алғаш рет команда мүшелерінің барлығы марапатқа ие болды. 

Құрамаға Ягеллон университетінің студенті Дана Оспанова жетекшілік етті. Олимпиадалық лингвис­ти­ка – елімізде дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Бұл нәтиже қазақстандық оқушылардың аталған саладағы жоғары әлеуетін көрсетті. 

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ