Қазақстан халық партиясы қоғамда ақпараттық деградацияны қалай тоқтату керегін талқылады

Әлеуметтік желілер жастарға үстірт ойлауды, оңай табысқа ұмтылуды, агрессияны насихаттап отыр.

Сондықтан да Қазақстан халық партиясы партиялық тізіміне әртістерді, әншілерді және мәдениет саласының басқа да өкілдерін енгізді. Өйткені дәл осындай азаматтар бұл үдеріске лайықты жауап бере алады.

Қазақстан Халық партиясы мәдениет саласы өкілдерінің Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылуын дұрыс шешім деп санайды. 

Креативті индустрия өкілдері мәдениетті кеңінен дамыту үшін заңнамада нені өзгерту қажет екенін жақсы біледі. Бүгінде қоғам тұтыну мәдениетінің дағдарысына тап болды. Ал бұған қарсы тұруға дәл сахна мен экран өнерінің өкілдері қабілетті.

Әдебиет, кино, эстрада – елдің саяси және қоғамдық өмірінің ажырамас бөлігі. Кейбір саясаткерлердің пікіріне қарамастан, Қазақстан Халық партиясы мәдениет өкілдеріне осы салада өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беруге дайын.

Қазақстан халық партиясы атынан депутаттыққа кандидат Венера Нығматуллина танымал тұлғаларға бағытталған сынның орынсыз екенін айтты. Оның пікірінше, шығармашылық мамандық иелері мемлекетті басқара алмайды деген түсініктің қайдан шыққаны түсініксіз. Оның үстіне, адамның сыртқы келбетінің тартымдылығы заңдарды түсінуге кедергі болады деген пікір де қисынсыз.

Қазақстан халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына кандидат Эльмира Әуезова әртістер, әншілер, актерлар және шығармашылық саланың басқа да өкілдері ұлттық мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізуге және сақтауға зор үлес қоса алатынын атап өтті.

– Бір қызығы, саясаттағы танымал тұлғаларды сынайтындардың өзі қоғамдағы мәдениеттің төмендігіне, жастарға арналған идеялардың тапшылығына және олардың саясатқа қызығушылығының аздығына шағымданады, – деді Эльмира Әуезова.