Астана қаласында Қабанбай батыр даңғылындағы 15 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылардың алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткенде қатты түтін байқалды.
– Шұғыл түрде өрт оқпандары берілді. Өртті сөндіру барысында түтін басқан бөлмеден 2002 жылы туған қыз құтқарылды. Сондай-ақ оттың жоғары орналасқан бөлмелерге таралуына жол берілмеді, – делінген хабарламада.
Өрт толығымен сөндіріліп, қазір оның шығу себебі анықталып жатыр.