Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында құқыққа қайшы бейнежазба анықталды. Instagram әлеуметтік желісінде ер адам қоғамдық орында бейнежазба түсіру кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.
"Кейін ол аталған бейнежазбаны өзінің Instagram парақшасында жариялап, құқыққа қайшы әрекетін көпшілікке қолжетімді еткен. Полиция қызметкерлері оның жеке басын жедел анықтады", – делінген хабарламада.
Ол 5 тәулікке қамауға алынды. Полиция әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Тәртіп сақшылары азаматтарды қоғамдық тәртіпті және әлеуметтік желілерде әдеп нормаларын қатаң сақтауға шақырады.