«Қарғыс тиеді» деп сендірген алаяқтар зейнеткердің байлығын иемденген

Алаяқтар 15 миллион теңгенің алтыны мен ақшасын сыпырып әкеткен.

Қарағандыда үш әйел 78 жастағы зейнеткердің қасында бірнеше минут жүріп, оны «өлім қарғысы бар» деп сендірген. Салдарынан 15 миллион теңгенің алтыны мен ақшасын иемденіп кеткен. Күдіктілер кейін Теміртауда ұсталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Зейнеткер әжей үйіне қайтып бара жатқанда қасына үш бейтаныс әйел келген. Олардың бірі стоматологияға баратын жолды сұрап, жәбірленушіні сөзге тартқан. Әңгіме барысында бейтаныс әйелдердің бірі зейнеткердің бойынан ескі қарғысты сезілгенін сөз етеді.

Оның сөзінше, бұл қарғысты жақын адамдарының бірі жасаған-мыс. Содан кейін ол зейнеткерді жақын адамының өлімімен қорқытып, тез арада әрекет етсе қайғылы жағдайдың алдын алуға болатынын сендірген.

Бейтаныс әйелдер зейнеткерге оны мейірімділігі үшін отбасын қайғыдан құтқарғысы келетінін айтқан. Сөйтіп оған ине сатып алуды ұсынған. Содан кейін алаяқтар зейнеткерге қол тигізе бастап, сол әрекеттерімен олар бойдағы қарғысты суырып, шығарып жатқанын түсіндірген. 

Артынан зейнеткерге үйіне барып, шикі жұмыртқа әкелуді өтінген. Ол жұмыртқаны алып, бейтаныс әйелдерге қайта оралған. Әрбір кішкентай тапсырма оның сенімін арттыра түскен. Сөйтіп алаяқтар зейнеткерге қарғыстың оның ақшасы мен алтын әшекейлерінде де қалғанын мәлімдеген. Бағалы заттар тазартылмайынша, жақын адамына төнген қауіп сақталады-мыс. Содан кейін әйелге алтыны мен қолма-қол ақшасын алып келуді бұйырған. Зейнеткер барлық бағалы заттарды бірге жинап, газетке орап, бейтаныстарға тапсырған. Мүліктің жалпы құны - 15 миллион теңге. Оқып-тазалап беріп, әлгі буманы қайтарып, 40 күнге дейін ашуға рұқсат бермеген.  Түйнекті уақытынан бұрын ашса жораны бұзып, қарғысты қайтаруға кедергі келтіретіне сендірген.

Бірақ зейнеткер түнде ортаныда олардың ісіне күмәнданып, уақытын бұрын ашқан. Оның ішінде зейнеткердің ақшасы мен алтыны болмай шыққан.

Алаяқ үш әйел Павлодар, Алматы және Жетісу облысының тұрғындары болып шықты. Олар Теміртаудан табылды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу ұрлықтың мән-жайын анықтап, олардың басқа да қылмыстық эпизодтарға қатыстылығын тексеріп жатыр.