Бүгін «Ауыл» партиясы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Якорь ауылында барып, Ветеринария басқармасының ұжымымен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz. «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов бастаған Құрылтай депутаттығына кандидаттар Рабига Токсейтова, Владимир Киян, Александр Разинков, Қанат Асқаров, Диляра Жумагулова және Ольга Клишиналар қатысты.
Кездесудің басты тақырыбы ветеринария саласын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, эпизоотиялық тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тетігі ретінде дамыту мәселелері болды.
«Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов өз сөзінде азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мамандардың кәсіби ұсыныстарын мемлекеттік деңгейде қолдаумен тікелей байланысты екенін атап өтті.
Жиын барысында кандидаттар саладағы қордаланған мәселелерді көтерді. Рабиға Токсейтова кадр тапшылығын жою мен салық саясатын жетілдірудің маңызын айтса, Владимир Киян биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ғылыми әлеуетті күшейту мен зертханалық базаны жаңарту қажеттігін сөз етті. Ал Ольга Клишина ауылдық аумақтардың әлеуметтік тұрақтылығына тоқталып, жас мамандарды ауылда тұрақтандыру мен отбасыларды қолдау шараларына ерекше назар аударды.
Сонымен қатар кездесуде партияның жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, бюджет ашықтығы, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және «Ауыл көмегі» консультациялық орталықтар желісін құру сияқты басымдықтары таныстырылды.