«Ақ жол» партиясы «Жанұя» орталығының еңбек ұжымымен пікір алмасты

«Ақ жол» партиясының кездесуі ашық пікір алмасу форматында өтіп, барлық көтерілген мәселелер бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

«Ақ жол» партиясының өкілдері сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында Талдықорған қаласындағы «Жанұя» отбасын қолдау орталығының еңбек ұжымымен кездесу өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидат, «Ақ жол» ҚДП Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

Кездесу барысында еңбек ұжымы өздерін толғандырған сауалдарын қойып, пікірлерімен бөлісті. Атап айтқанда, қатысушылар зейнеткерлік жасқа қатысты мәселелерді көтеріп, 50 жастан асқан азаматтарды жұмысқа орналастырудың қиындығына назар аударды.

Сонымен қатар әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысының төмендігі, әлеуметтік ұйымдардағы жалақы мөлшерін арттыру қажеттігі жөнінде сұрақтар қойылды.