«Жоғалған жылдар мен суыған көңілді қайтару мүмкін бе?»: Қарақат Әбілдина жан сырын ақтарды

Өнер иесі өмірдегі ең үлкен байлық дүние-мүлік емес, адал достық пен сыйластық екенін атап өтті.

Әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында адамгершілік, туыстық қарым-қатынастың маңызы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі өмірдегі ең үлкен байлық дүние-мүлік емес, адал достық пен сыйластық екенін ақын С.Әбеновтің өлең жолдарымен жеткізген.

Сонымен қатар жақынымен ұзақ уақыт араласпай, алыстап кеткен жандарды жиі кездестіретінін айтып, өкініш білдірді.

«Қу дүни қуып, жақыннан суып кеткендер қанша өмірде… Бәрі де жалған, бәрі де қалған, байлыққа сонша берілме! Шын байлық деген – адал достарың, Жақсымен бірге қадам басқаның. Сыйластық сәні, өмірдің мәні – сол ғана, замандастарым… Білесіз бе, осы әнді алғаш тыңдаған сәтте ойыма ең алдымен жақынын жат көріп кеткен жандар келді. Тіпті басқа емес, бір туған бауырлардың өзі бір-біріне өкпелесіп, араласпай жүргенін көргенде көңілің шын құлазиды. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар айналамызда аз емес. Бірде жақсы араласып жүрген таныс қыздың «Туған анаммен араласпаймын. Бір-бірімізді мүлде түсінбейміз» дегенін естігенде, жағамды ұстадым. Анадан артық кім жақын?.. Мұндай да сұмдық болады екен -ау дедім ішімнен. Ондай мысалдар тізе берсе жетеді… Мүмкін, уақыт өте келе бәрін түсінер, түсінісер. Бірақ жоғалған жылдар мен суыған көңілді қайтару мүмкін бе? Ал сіз бұл туралы не ойлайсыз, замандастарым?» - деді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.