«Жетінші арнада» 7 партияның тікелей эфирдегі дебаты басталды

Тікелей эфир Астанадағы «Қазмедиа орталығының» концерт залынан тікелей эфирде көрсетілуде.

Бүгін, 5 тамыз күні сағат 20:26-да, «Жетінші арна» телеарнасының тікелей эфирінде Құрылтай сайлауына қатысатын жеті саяси партия өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебаттар басталды, деп хабарлайды Aikyn.kz

Дебаттардың негізгі тақырыбы – білім беру жүйесін дамыту. Қатысушылар өз ұсыныстарын таныстырып, саладағы өзекті мәселелерді талқылайды және көрермендердің сұрақтарына жауап береді.

Жеребе қорытындысы бойынша сөз сөйлеу реті төмендегідей анықталды:

  • Respublica партиясы – Мейрамгүл Мәделі.
  • «Ақ жол» партиясы – Дулат Тастекей.
  • ЖСДП (ОСДП) – Мақсұт Насибулов.
  • «Әділет» партиясы – Рауан Кенжеханұлы.
  • «Байтақ» партиясы – Аслан Байзаханов.
  • «Ауыл» партиясы – Шахмардан Байманов.
  • Қазақстан Халық партиясы – Бейбіт Құсайынов.

Эфир барысында көрермендер интерактивті дауыс беруге қатысып, сондай-ақ «Жетінші арнаның» ресми әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда өз пікірлері мен пікірталасқа қатысты комментарийлерін қалдыра алады.

Тікелей эфирді мына сілтемелер арқылы көре аласыздар:  youtube.com/@TheSevenNews,  youtube.com/@TheSevenChannel, TikTok, Facebook, Telegram.