Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде дүкенге барған видеосын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші дүкенде өнердегі әріптесі, әнші Бүркітті кездестіріп қалған. Ал ол Мақпал Жүнісованың орнына кассада төлем жасап тұрғанын көруге болады.
«Бүркіт бауырым кездесіп қалып, маған ақша төлетпей, бәрін өзі төлеп тастады. Рақмет», - дейді Мақпал Жүнісова.
Бұл бейнежазбаға Бүркіт те пікір қалдырған.
«Бұл бес күн өмірде сыйластықпен өтейік», - дейді ол.
Желі қолданушылары бұл көрініске сүйсініп, жылы лебізін білдіріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.