Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы хард турнирінің екінші айналымында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және жарыста екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші әлемнің 61-ракеткасы, Австралия өкілі Дарья Касаткинамен кездесті.
Матч үш сетке созылып, Рыбакинаның 6:3, 5:7, 6:4 есебімен жеңісімен аяқталды. Кездесу 2 сағат 35 минутқа жалғасты. Осы уақыт ішінде Елена 15 эйс жасап, 16 қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Үшінші айналымда Рыбакина әлемдік рейтингте 31-орында тұрған америкалық Энн Лимен кездеседі.