Бейәдеп сөз айтқан блогер 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Ол аталған бейнежазбаны өзінің парақшасында жариялап, құқыққа қайшы әрекетін көпшілікке ашық түрде таратқан.

Астанада әлеуметтік желідегі бейәдеп сөздері үшін блогер 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Aikyn.kz Бұл әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған.

TikTok әлеуметтік желісінде ер адамның қоғамдық орында бейнежазба түсіру барысында балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Кейін ол аталған бейнежазбаны өзінің парақшасында жариялап, құқыққа қайшы әрекетін көпшілікке ашық түрде таратқан.

Полиция қызметкерлері оның жеке басын жедел анықтады. Құқық бұзушы 32 жастағы Мирас Беркінбаев болып шықты. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды.

Полиция әлеуметтік желілерге тұрақты мониторинг жүргізеді.

"Азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және әлеуметтік желілерде әдеп нормаларын ұстануға шақырамыз", – делінген хабарламада.