"Той жасаймыз": Динара Сәтжан қуанышты жаңалығын жеткізді

Ол ұлының алдағы үйлену тойына дайындық басталғанын жеткізді.

Тележүргізуші Динара Сәтжан күзде той жасауды жоспарлап отырғанын айтты , – деп жазды Aikyn.kz.

Ол ұлының алдағы үйлену тойына дайындық басталғанын жеткізді. Сонымен қатар әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен оқиға туралы әзіл-шыны аралас жазба жариялады.

«Күзде үлкен той жасауды жоспарлап отырмыз. Алғашында жас жұбайларға арналған торттың бірінші бөлігін мен жеймін деп ойлағанмын. Бірақ әлеуметтік желідегі пікірлерді оқып, бұл "ред флаг" саналатынын көрдім. Сондықтан торттың алғашқы бөлігін жастардың өздері жесін. Мен үшін ең маңыздысы – екеуінің бақытты болғаны», – деді Динара Сәтжан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.