Бұл мәселелерді штаб өкілдері Тараздағы Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығының ұжымымен өткен кездесуде талқылады.
Құрылтай депутаттығына кандидаттар Жамбыл облысына сапары аясында, медицина қызметкерлеріне «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.
– Бұл орталық өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің маңызды буындарының бірі саналады. Ұжымның атқарып отырған жұмысы біздің сайлауалды бағдарламамыздағы мақсаттармен тікелей үндеседі. Біз азаматтардың өмір сүру ұзақтығын кемінде 77 жасқа дейін арттыруды көздеп отырмыз. Ол үшін жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім-жітімді кемінде 5 пайызға азайту қажет. Осы бағытта партия кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметті кешенді жаңғыртуды, ерте диагностиканы дамытуды және мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруды ұсынады, – деді партия Төрағасы Айбек Дәдебай.
Кездесуде жүрек-қан тамырлары ауруларының еліміздегі өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі екені айтылды. Осыған байланысты партия бағдарламасында аурулардың алдын алу, оларды ерте анықтау және денсаулық сақтау жүйесіне цифрлық технологияларды енгізуге басымдық берілген.
Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері Хамит Мұрзақасымов партияның бұл ұстанымын қолдайтынын жеткізді.
– Халықтың денсаулығы – кез келген мемлекеттің ең үлкен байлығы. Денсаулық сақтау саласына қатысты «Әділет» партиясының бағдарламасын қолдаймын. Өйткені онда ауруды емдеумен ғана шектелмей, оның алдын алу мен ерте анықтауға ерекше назар аударылған, – деді ол.
Партияның сайлауалды бағдарламасында «Саламатты шаңырақ» ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру науқанын өткізу, оқушылардың денсаулығын нығайтуға арналған «Саламатты мектеп» бағдарламасын жүзеге асыру және еңбек ұжымдарында салауатты өмір салты қағидаттарын енгізу де көзделген. Нақты айтсақ, қызметкерлерге жұқпалы емес аурулардың қауіп факторлары, дұрыс тамақтану қағидалары және тұрақты дене белсенділігінің маңызы туралы ақпарат беруді арттыру жоспарланып отыр.
Осы ретте партия өкілдері денсаулық сақтау саласын дамыту медициналық қызметтерді цифрландыру және профилактикалық жұмысты күшейтумен қатар жүруі тиіс екенін еске салды.
Айта кетейік, бұл кездесу республикалық штаб өкілдерінің Жамбыл облысына сапары аясында ұйымдастырылды. Бұған дейін кандидаттар Тараз қаласында жұртшылықпен білім беру, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, жастарды қолдау, балалардың құқықтарын қорғау және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін талқылаған еді. Ал «Әділетті Қазақстан үшін» мобильді керуені өңірдегі шалғай ауылдарды аралап, шаруалармен, кәсіпкерлермен және тұрғындармен кездесу өткізді.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.