Қазақстан Халық партиясының өкілдері әлеуметтік саланың мамандарымен кездесті

Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары Ақмола облысының кәсіпорындарында жалғасуда.

Осы бағыттағы кезекті кездесу Степногорск қаласындағы «Қазақалтын» тау-кен металлургиялық концернінің еңбек ұжымымен өтті.

Кездесу барысында қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, еңбек адамын қолдау, өнеркәсіпті дамыту, халықты әлеуметтік қорғау және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған басымдықтар кеңінен түсіндірілді.

Осындай кездесулерді жүйелі түрде өткізу Қазақстан Халық партиясының бағдарламалық бастамалары мен негізгі басымдықтарын тұрғындарға кеңінен жеткізуге, сондай-ақ халықпен ашық әрі тиімді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. 

Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағытын түсіндірді

Сайлауалды науқан аясында Қазақстан Халық партиясы Ақмола облыстық сайлауалды штабының өкілдері «Қамқорлық» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, мекеменің қызметімен танысты. Бүгінде орталықта 350-ден астам қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Сапар барысында штаб өкілдері орталықтың жұмысымен, арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілу барысымен, мамандардың кәсіби қызметімен және қызмет алушылар үшін жасалған жағдайлармен танысты. Орталықтағы жұмыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуы, ұжымның кәсібилігі, әрбір қызмет алушыға көрсетілетін қамқорлық пен жанашырлық ерекше әсер қалдырды. Бұл – әлеуметтік қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанының және адамға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. 

Орталықтың жұмысымен танысқаннан кейін еңбек ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, әлеуметтік саясатты дамыту, еңбек адамын қолдау, халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамалар таныстырылды.