"Маған берген бақ-дәулетті мойындағыларың келмей ме?": Дариға Бадықова ренішін білдірді

Бүгінгі жетістігі ұзақ жылғы еңбегінің жемісі екенін айтты.

Актриса әрі продюсер Дариға Бадықова өзіне қатысты сын айтқандарға жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол жұрт арасында өзі туралы «тез байып кетті» деген әңгіме жиі айтылатынын атап өтті. Алайда ол бүгінгі жетістігі ұзақ жылғы еңбегінің жемісі екенін айтты. Сонымен қатар еңбегін жоққа шығарғысы келетіндерге ренішін білдірді.

«Бадықова тез байып кетті» деген сөздерді естіп қаламын. Ешқандай да тез байыған жоқпын. Осы өнерде 28 жыл еңбек еттім. Жасырмаймын, интуициям алыстан сезеді. Қаншама ұйқысыз түндер болды. Қорғансыз күндерім болды. Барлық шешімді өзім шығарып, «дұрыс па, бұрыс па» деп қорыққан кездерім болды. Менің өмірімде «Менің арқамда сен осындай болдың» дегенді де естідім. Сонда менің талантым қайда? Пысықтығым қайда? Оқығандығым қайда? Тірлік бастағаным қайда? Жеме-жемге келгенде бәрі қайда? Маған берген бақ-дәулетті мойындағыларың келмей ме? Кеудемде жаным бар екенін, осы өнер арқылы біраз жерге барғанымды туып-өскен елім біледі. Мен біреуге бермесем, алмаймын», – деп жазды ол.

Дариға Бадықова енді тағы отбасылық фильм түсірейін деп жатқанын жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.