Ауылдық жерге жұмыс істеуге көшетін IT мамандары мен архив ісі қызметкерлерін мемлекеттік әлеуметтік қолдау алушылар қатарына қосу ұсынылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрық жобасында айтылған.
Жаңа бастаманың мақсаты – аталған сала мамандарын ауылдарға барып жұмыс істеуге ынталандыру.
Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, қазіргі уақытта ауылдық жерлерге жұмыс істеуге және тұруға барған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласының мамандарына мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Егер бұйрық жобасы мақұлданса, бұл тізімге IT саласының мамандары мен архив ісі қызметкерлері де қосылуы мүмкін.
Бастама ауылдық елді мекендердегі кадр тапшылығын азайтып, қажетті мамандарды өңірлерге тартуға бағытталған.