Ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

Үгіт-насихат жұмыстары аясында Құрылтай депутаттығына үміткерлер Ақжол Құрмансейіт пен Алмат Жөкебаев Ұлытау ауданына қарасты Терісаққан және Қорғасын ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

«Әділет» партиясының «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі – ауылдарды жан-жақты дамыту, ауыл кәсіпкерлігін қолдау және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру.

Үгіт-насихат жұмыстары аясында Құрылтай депутаттығына үміткерлер Ақжол Құрмансейіт пен Алмат Жөкебаев Ұлытау ауданына қарасты Терісаққан және Қорғасын ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

«Ауыл – елдің алтын қазығы. Сондықтан ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартып, кәсіп бастауға және еңбек етуге қолайлы жағдай жасау – партиямыздың негізгі міндеттерінің бірі», - деді кандидаттар.

Ұлытау облысының ауылдық елді-мекендерінде соңғы 3 жылда  20 фельдшерлік амбулатория ашылды. 250-астам тұрғын жеңілдетілген 2,5 пайызбен несие алып, кәсібін дамытқан. Сондай-ақ ауылдық жерлерде спортты дамыту мақсатында да жұмыстар жүргізілуде. 

Ауылдарға сапар барысында кандидаттар «Есіктен-есікке» акциясын өткізді. Ұлытау ауданының Құрметті азаматы, ардагер журналист Мағзұмбек Машайқовтың үйіне барып, партия бағдарламасымен таныстырды. Зейнеткер өз кезегінде заман жастардыкі екенін айтып, алғысын білдірді.