Павлодарда Қаныш Сәтбаев атындағы каналға шомылуға барған 1987 жылы туған ер адам суға батып көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қайғылы оқиға шомылуға тыйым салынған аумақта болған. Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Жедел-құтқару жасағының мамандары арнайы екі техника көмегімен ер адамның денесін судан алып шықты.
ТЖД мәліметінше, Қаныш Сәтбаев атындағы канал – техникалық гидротехникалық нысан. Мұнда шомылуға қатаң тыйым салынған.
Құтқарушылар тұрғындарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын сақтап, тек арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға шақырады.