Кезекті кездесу «Жоңғар-Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымымен өтті.
Басқосуда биоалуандықты сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту, табиғатты қорғау саласындағы өзекті түйткілдер талқыланды. Сонымен қатар мемлекеттік инспекторлар тәжірибесі, ғылыми мониторинг жүргізу, браконьерлікпен күрес және экологиялық туризмді дамыту мәселелеріне назар аударылды.
Қатысушылар экологиялық ағарту жұмыстарын күшейтіп, табиғатты қорғау заңнамасын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Сала мамандары қоршаған ортаны қорғауда ғылым, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардың өзара ынтымақтастығы маңызды екенін атап өтті.
«Табиғат – ұлттық мұра» сараптамалық кездесулерінің мақсаты – табиғатты қорғау саласындағы мамандардың тәжірибе алмасуына жағдай жасап, қоршаған ортаны сақтауға бағытталған ортақ ұсыныстарды қалыптастыру.
«Байтақ» партиясының кандидаты «Бурабай» ұлттық паркі ұжымымен жүздесті
«Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай сайлауына кандидат Сәуле Қамытбекова «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне барып, еңбек ұжымымен кездесті.
Үгіт-насихат жұмысы аясында ол «Байтақ» жасылдар партиясының Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, табиғатты қорғау, биоалуандықты сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мәселелерін талқылады.
Ұлттық парк қызметкерлері саладағы өзекті мәселелер көтеріп, ұсыныстарды ортаға салды. Тараптар қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөнінде пікір алмасты.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оған 18 адам қатысты.