Инклюзия: ЖСДП ауқымды форумды қорытындылады

Форумға қатысқандардың қатарында мүгедектігі, аутизмі және басқа да даму ерекшеліктерінде тежелуі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, осы саладағы сарапшылар, партияның белсенді мүшелері мен жақтастары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) ұйымдастырған отбасылық ауқымды Қазақстандық инклюзивті форум – Kazakhstan Inclusive Forum 2026 ерекше жағдайда өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ЖСДП Орталық сайлауалды штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шараның басты мақсаты – инклюзия саласындағы жүйелі мәселелер мен, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын қорғау. Сондай-ақ қазақстандықтардың өмір сүру сапасын түбегейлі жақсартуға бағытталған ЖСДП-ның сайлауалды заңнамалық бастамаларын таныстырылды.

Форумның мазмұнды бағдарламасы аясында панельдік пікірталастар, сараптамалық сессиялар, сондай-ақ менталдық және физикалық ерекшеліктері бар балалар мен ересектерге бейімделген интерактивті шеберлік сабақтары мен дамыту алаңдары ұйымдастырылды.

«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – социал-демократия идеологиясын ұстанатын бірден бір партия. Демек, ең алдымен, бұл – баршаға әлеуметтік теңдікті көздейтін партия. Басқа партияларға қарасақ, олар – негізінен бизнес пен жекелеген олигархиялық топтардың мүддесін қорғайтын оңшыл партиялар. Өкінішке қарай, олардың бағдарламаларында әлеуметтік әділеттілік пен баршаға тең мүмкіндіктер туралы ештеңе айтылмайды»,-деді Құрылтай депутаттығына кандидат Асхат Рахимжанов 

Шара барысында арнайы ұйымдастырылған консультациялық пункттерде қатысушылар мамандар мен партия өкілдерінен құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша тегін кеңес алды. Талқылауға Құрылтай депутаттығына кандидаттары – Асхат Рахимжанов, Нурия Балтабайқызы, Ажар Сағандықова, Талғат Тәтиков және Наурыз Сайлаубай, сондай-ақ басқа да сарапшылар қатысты.

Асхат Нұрмағамбетұлы өз отбасы туралы да ашып айта келе, ерекше балаларды әрқашан қолдау керек екенін, тіпті бір күнде назардан тіс қалдырмайтындығын жеткізді.

«Менің де ерекше қажеттілігі бар ұлым бар. Сондықтан агрессияны оның мүлдем қабылдамайтынын, керісінше, өз ішіне тұйықталып қалатынын жақсы білемін. Сол себепті ерекше балалар өздерінің қоғамның қамқорлығында жүргенін сезінуі керек. Қоғамда оларды өзгелерден бөлек немесе өзгеше қабылдайтындардың болмауы тиіс. Бұл – бүгінде әлемдік үрдіске айналған мәселе. Егер он жыл бұрын 10 мың адамның арасында 31 диагнозы бар бала болса, бүгінде бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Сондықтан инклюзивті ортаны сапалы түрде қалыптастыру тек отбасының жеке мәселесі емес, мемлекеттік саясаттың басым бағыты болуы қажет. Біздің партия бұл мәселені өзінің сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіледі», – деді ол.

Форум барысында аутизм спектрінің бұзылыстары және басқа да менталдық ерекшеліктері бар балаларды ерте диагностикалау, заманауи оңалту және әлеуметтік бейімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Kazakhstan Inclusive Forum 2026 қорытындысы бойынша сарапшылар тобы нақты ұсынымдар мен ұсыныстар пакетін әзірледі.

23 тамыздағы сайлау қарсаңында бұл бастамалар партияның әлеуметтік қорғау және Қазақстанның инклюзивті дамуы мәселелері жөніндегі сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарының біріне айналды.