«Биыл АПЛ-ге жолдама алған»: Дастан Сәтпаевты тағы бір клуб жалға алғысы келеді

Әзірге бұл ақпаратты ірі британдық БАҚ немесе танымал инсайдерлер растаған жоқ

Англия Премьер-лигасына жаңадан оралған «Халл Сити» Дастан Сәтпаевты бір маусымға жалға алуға қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы The Sportzine жазды.

Әзірге бұл ақпаратты ірі британдық БАҚ немесе танымал инсайдерлер растаған жоқ. Сондықтан трансфер жайлы келіссөздердің нақты кезеңі белгісіз.

«Халл Сити» өткен маусымда плей-офф арқылы сенсациялық түрде АПЛ-ге жолдама алды. Бір маусым бұрын команда Чемпионшипте небәрі 21-орын алған еді. Бұған қоса, клубқа трансферлік шектеу қойылып, маусым соңында жалға алынған 19 футболшы командадан кеткен.

АПЛ-ге көтерілу «Халл Ситиге» шамамен 300 млн көлемінде табыс әкелді. Клубтың түрік иесі Акун Ылыджалы жазғы трансферлер мен жалақыға 250 млн бюджет бөлінгенін мәлімдеген. Ол әлеуметтік желіде келіссөздердің барысын жиі жариялап отырады, алайда Дастан Сәтпаев туралы әзірге ештеңе жазған жоқ.