TikTok-та тікелей эфир кезінде балағат сөз айтқан қызға айыппұл салынды

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция TikTok-тағы тікелей эфирлердің бірінде қолданушының бірнеше мәрте балағат сөздер айтқанын анықтаған.

Қызылордада TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде бірнеше рет бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын бұзған 25 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция TikTok-тағы тікелей эфирлердің бірінде қолданушының бірнеше мәрте балағат сөздер айтқанын анықтаған.

Тексеру кезінде құқық бұзушының Қызылорда қаласының 25 жастағы тұрғыны Артықбек Айғаным екені белгілі болды.

Сот шешімімен азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды.

Полиция әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін ескертеді.

Құқық қорғау органдары азаматтарды әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын сақтауға шақырды. Заң талаптарын бұзған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.