«Мұхит маған қызық емес»: Әнуар Бекембетов реванштан бас тартты

Бекембетовтің сөзінше, қазір оған жаңа қарсыластармен жекпе-жек өткізу қызығырақ әрі Марсельмен кездесуге дайын екенін де жеткізді.

Қазақстандық файтер Әнуарбек «Мотиватор» Бекембетов Мұхит Амантаевпен реванш өткізуге қызықпайтынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бекембетовтің сөзінше, қазір оған жаңа қарсыластармен жекпе-жек өткізу қызығырақ әрі Марсельмен кездесуге дайын екенін де жеткізді.

«Марсель – жаңа есім. Маған осындай қарсыластар қызық. Мұхитке деген қызығушылығым азайды. Марсельмен Еркебұлан үшін кездескім келеді. Бізде жұдырықтасу бойынша реванш бар», – деді файтер Naka_monaka арнасына берген сұхбатында.

Бекембетов ықтимал қарсылас ретінде Жұманды да атады. Оның айтуынша, басты мәселе – қарсыластың аты емес, жекпе-жек үшін ұсынылатын гонорар.

«Жұман болсын, Марсель болсын – қарсылас маңызды емес. Негізгі мәселе – гонорар. Отбасым риза болуы керек. Отбасым үшін соңына дейін барамын», – деді ол.

Еске салайық, Бекембетов пен Мұхит Амантаев 4 шілдеде Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде кездескен. «ММА тік тұрыста» ережесі бойынша өткен жекпе-жекте Бекембетов үшінші раундта қарсыласын бауыр тұсынан дәл соққымен тоқтатып, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.