Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

Елорда әкімдігінің мәліметінше, мемлекеттік білім гранттарының нәтижесі кеше жарияланып, мектептің 42 түлегі мемлекеттік грантқа ие болған.

Астанадағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицей-мектебінің биылғы 65 түлегінің барлығы жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, мемлекеттік білім гранттарының нәтижесі кеше жарияланып, мектептің 42 түлегі мемлекеттік грантқа ие болған.

Бұдан бөлек, 9 түлек Назарбаев Университетіне оқуға түскен.

Ал тағы 14 түлек әлемнің ТОП-50 үздік университеттерінің қатарына кіретін шетелдік жоғары оқу орындарында тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Осылайша, мектептің биылғы 65 түлегінің барлығы оқу ақысын төлемей жоғары білім алатын болды.