Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Азия кубогы кезеңінде төрт медаль жеңіп алды

Жарыс Түркістанда өтті

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы триатлоннан Түркістанда өтіп жатқан Азия кубогы кезеңінде төрт медаль жеңіп алды.

Ерлер арасында Рамазан Әйнегов 21:59 нәтижесімен жарысты бірінші болып аяқтап, алтын медаль иеленді. Гор Депершмидт 22:04 көрсеткішімен екінші орынға тұрақтады. Ал Ресей спортшысы Илья Зотов 22:12 нәтижесімен үздік үштікті түйіндеді.

Қыздар арасындағы жарыста Алуа Нұрмұхамет 25:26 уақыт нәтижесін тіркеп, алтын жүлдеге қол жеткізді. Калерия Шнайдер 25:48 нәтижесімен екінші орын алды. Ресейлік Алёна Лопатина 25:50 көрсеткішімен үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бір күн бұрын ересектер арасындағы жарыста Арлан Жаңабай күміс медаль жеңіп алған еді.